Бүгінде цифрландыру өміріміздің барлық саласына еніп, халықтың тұрмыс сапасын арттырып келеді. Оның
ішінде қызметтерді автоматтандыру – қоғам дамуының озық үлгісі болса керек. Мәселен,
ұялы телефон арқылы салық төлеу қолжетімді бола түсті. Осыдан бірнеше жыл бұрын
мұндай жаңашылдықтар біз үшін тансық
еді.
Осы орайда, Jusan Business кәсіпкерлер жұмысын одан сайын жеңілдетіп жаңа онлайн
бухгалтерия қызметін іске қосты. Яғни,
енді есепші жұмысын қарапайым бағдарлама атқарып бере алады. Бұл қалай болмақ?
Бұл жаңашылдық салықты
дұрыс есептеп, оның формасын оңай толтыруда таптырмас қызметке айналып отыр. Атап
айтсақ, 910 салықтық есеп формасын ұқыппен рәсімдеуде осы платформаны
пайдалануға болады. Яғни, Jusan Business ұсынып отырған онлайн бухгалтерия,
бірінші кезекте, жеке кәсіпкер және жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін ыңғайлы
қызмет.
Сонымен, 910 Салықтық есеп
формасы немесе шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация. Бұл не?
Түсіндіре кетейік.
Жеке кәсіпкер немесе ЖШС ресми
тіркелген соң, табысын есептейді. Арнайы форма арқылы өзі және қызметкерлері
үшін аударылған төлемдердің, өтелген салықтың оңтайлы есебін жүргізуге
міндеттеледі. Бұл ретте, аталмыш форманы толтыру үшін бизнес иелері біраз тер
төгетіні жасырын емес. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкер компаниясы туралы сан қилы мәлімет
енгізіп, алуан түрлі есеп жүргізеді. Іс бастағандар есеп-қисап жасауда
қателіктер жіберіп жатады. Ескі форманы пайдаланып қоятындары бар, тіпті,
шығынданып, арнайы есепшіні жұмысқа алатындары да кездеседі.
Ал Jusan
Business ұсынып отырған онлайн бухгалтерия тұтынушылардың уақыты мен қаржысын
үнемдеуге бағытталған. Жобаның басты мақсаты да осы: бизнестің заманауи, жеңіл
және қолжетімді алаңын құру.
Бұл ретте, тұтынушылардың аталмыш салықтық форманы толтыруында онлайн
бухгалтерия қызметі тегін екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, оны пайдалану
арқылы кәсіпкерлікке қатысты ақпараттың аз ғана бөлігін енгізу жеткілікті.
Мәселен, кіріс пен қызметкерлер туралы мәліметтер қамтылса болғаны. Қалған
жұмысты Jusan Business-тің онлайн көмекшісі атқарып береді.
Бүгінде пилоттық режимде қосылған
онлайн бухгалтерияны қазақстандық біршама кәсіпкер орнатып үлгерді. Ал жалпы, ай
сайын Jusan Business қосымшасын 100 мыңнан астам кәсіп иесі пайдаланады. Платформаның
өзі азаматтар үшін тегін, бөлімшеге бармай-ақ, шотты небәрі бес минутта ашуға
болады. Мұнда төлемдер жасалып, ақша аударылады, операциялар қаралып, карта ашылады. Сондай-ақ, бұл сервистер Jusan Business веб қосымшасында да қолжетімді.
Елімізде жыл санап шағын және
орта кәсіпкерлік нысандарының саны артып келе жатыр. Экономиканың негізгі
драйвері де осы бағыт болғасын қолдау бар. Мемлекетіміздегі бизнес климатты
жақсартуға, ең алдымен, үкімет мүдделі. Дегенмен, бұл үрдістің одан әрі дамуында банктердің де
үлесі орасан зор. Бұған жоғарыда келтірген мысалымыз дәлел болса керек. Яғни, тұтынушылар
үшін қаржы ұйымдары қызметтері айтарлықтай
жеңілдей түсті.
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37
лицензиясы.