Банк және оның негізгі акционерлері — Қазақстан Республикасының резиденттері. Банктің активтері Қазақстанда орналасқан, қаржы институты реттеушінің және ұлттық заңнаманың барлық талаптарына сәйкес келеді. Банк және онымен байланысты барлық активтер елімізде орналасқан және Қазақстан Республикасы экономикасының игілігі жұмыс істейді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Jusan Bank-ті қоса алғанда, екінші деңгейлі банктердің қызметі мен барлық қаржы операциялары заңмен және мемлекеттік реттеуші органдары тарапынан қатаң түрде реттеледі.
Айта кетсек, Jusan Вank қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы қаржылық жағынан ең тұрақты банктерді бірі және банктің қазіргі көрсеткіштері пруденциалдық нормативтер деңгейінен асып түседі. Бұл банктің жоғары қаржылық жағдайын айғақтайды.
Jusan Bank баспасөз қызметі банктің клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындап, қалыпты жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды.
Банк ашықтық саясатын ұстана отырып, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және Jusan Bank қызметіне қатысты сұрақтар бойынша оның баспасөз қызметіне хабарласуды сұрайды.
Jusan Bank – Қазақстандағы ең ірі банктердің арасында капиталдың активтерге шаққандағы көрсеткіші бойынша 1-орында және меншікті капиталы бойынша 3-орында тұр. Банк активтері 2,8 трлн теңгеден асады, оның 1,4 трлн теңгесі клиенттердің қаражатын толығымен жабатын өтімді активтер. Банктің өткен жылғы таза пайдасы рекордтық 82,5 млрд теңгеге жетті.