Jusan Bank баспасөз қызметі халықаралық баспасөзде Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің банкке қатысы бар деген мәлімдемелерді жоққа шығарған хабарлама таратты.
«Халықаралық баспасөзде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты Jusan Bank және оның Лондонда орналасқан Jusan Technology Limited (JTL) бас компаниясымен байланыстыратын бірқатар мақалалар пайда болды. Мақалада Нұрсұлтан Назарбаевтың банкті де, JTL-ді де бақылап отырғаны айтылған. Бұл мақалалардың біразы Қазақстандағы баспасөзде, әлеуметтік желілерде жарияланған.
Банк бұл мақалалардың өрескел бұрмаланғанын айтады. Банк осы арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың да, оның отбасы мүшелерінің де Jusan Bank-ке, оның еншілес ұйымдарына және JTL бас компаниясына ешқандай қатысы жоқ екенін ашық мәлімдейді. Олар сондай-ақ акционерлер болып табылмайды және банкке немесе JTL-ге бақылаудың кез келген нысанын жүзеге асырмайды.
Банк пен оның еншілес ұйымдарының түпкі мақсаты – гүлденген Қазақстанды құру үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу. Клиенттердің өмірін жақсартатын технологиялық өнімдермен және қызметтермен Жусан экожүйесін дамытуға кірісті қайта инвестициялаумен қатар, банктің қалған табысы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және жалпы қазақстандық қоғамға пайда әкелетін білім беру жобаларын қаржыландыруға жұмсалады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк өзінің беделін сақтауға міндеттеледі және кез келген негізсіз айыптаулардан, соның ішінде қажет болған жағдайда, құқықтық қорғау құралдарын қолдану арқылы өзін қорғайды».