Қазақстандық кәсіпкерлер күнделікті қарапайым операцияларды орындау арқылы iPhone 14 пен Huyndai Staria бизнес-шаттл ұтысына қатыса алады. Мұндай мүмкіндікті оларға Jusan Bank сыйлап отыр.
Науқан 14 қарашада бастау алып, 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғаспақ. Смартфондар мен минивэн ұтысына қатысу үшін бизнес клиенттер Jusan Business интернет банкингі арқылы бір немесе бірнеше операция жүргізуі қажет. Атап айстақ:
- ағымдағы шоттан теңгеде және/немесе шетел валютасында басқа клиенттің шотына аударым/төлем жасау;
- карталық шоттан (корпоративтік карта, жеке кәсіпкер картасын пайдалана отырып) басқа клиенттің карталық шотына аудару/төлем жасау;
- «Өз пакетіңізді жинаңыз» (қызмет үшін комиссия төлеу қажет) қызметіне қосылу;
- Jusan Tole MPOS/SmartPOS терминалы арқылы төлемді қабылдау (эквайринг үшін банкке комиссия төлеу қажет болады);
- онлайн несие алу.
Ұтысқа операцияларды онлайн жүргізген жаңадан қосылған және бұрынғы клиенттер қатыса алады.
30 қарашада өткен алғашқы ұтыста 14 бизнес-клиент су жаңа iPhone 14 иелері атанып үлгерді. Олардың арасында Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Қарағанды, Теміртау, Семей, Атырау мен Астана қалаларының тұрғындары бар.
«Еліміздің әр аймағындағы кәсіпкерлердің науқанға белсене қатысуы қуантады. Жеңімпаздардың жетеуі жеке кәсіпкерлік, тағы жетеуі ЖШС иелері. Олардың бизнесі үшін смартфон таптырмас көмекші болары анық, өйткені Jusan Business-те бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу қызметтері қарастырылған. Мұнымен қоса, кәсіпкерлер мобильді қосымшаның көмегімен Jusan Tole (QR-код)» арқылы жүргізілген төлемдерді қабылдай алады», - дейді банк өкілдері.
Еске салсақ, сегіз аптаның ішінде банк шарттарды орындаған клиенттер арасында онлайн рандомайзердің көмегімен 56 iPhone ойнатпақ. Ұтыс әр екі апта сайын өткізіледі, бұл 14 күнде 14 жеңімпаз iPhone 14 иесі атанады деген сөз.
Ал бас жүлде - Hyundai Staria бизнес-шаттлының ұтысы науқан аяқталған соң өткізіледі. Бір айта кетерлігі, смартфон ұтып алған жеңімпаз ұялы телефондардың келесі ұтыс ойындарына жіберілмейді. Алайда коммерциялық автокөлік ұтысының қатысушысы болып қала береді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.