"First Heartland Jusan Invest" АҚ (Jusan Invest) Директорлар кеңесі жай акцияларын сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
KASE мәліметінше, банктің 16 776 523 жай акциясы сатылымға шығарылмақ. Әр акция құны 2 321,54 теңге.
Яғни, банк шамамен 38,9 млрд теңгеге акцияларын сатып жатыр.
Банк осылайша биылдың өзінде екінші рет акцияларын шығарып жатыр. Шілде айында орналастырылмай қалған 157 896 акциясын сатып еді, әр акция құны 27 теңге ғана болған.
Қор биржасының мәліметінше, қазіргі таңда банктің активтері 9,9 млрд теңге, міндеттемелері 2,5 млрд теңге, өзіндік капитал 7,5 млрд теңге. Қаңтар-маусым аралығындағы таза пайдасы 841 млн теңге.