Бұған дейін ҚР Бас Прокуратурасының мәлімдемесінде айтылғандай, Jusan тобы құрылымдарының біріне қатысты азаматтық талап-арыз қаралуда. Оның аясында акцияларды уақытша шектеу сынды стандартты рәсімдер мен процессуалды әрекеттер жасалды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Jusan Bank АҚ баспасөз қызметі азаматтық талап тек банктің шетелдік акционерлеріне қатысты екенін және Банк қызметіне, сондай-ақ серіктестермен немесе халықаралық корреспондент-банктермен, халықаралық төлем жүйелерімен жасалатын қарым-қатынасқа әсер етпейтінін алға тартады.

Тиісінше, банк әдеттегідей еш шектеусіз жұмыс істей береді.

Jusan Bank тікелей немесе жанама түрде де жауапкер немесе соттасып жатқан тарап емес. Сондықтан банкке ешқандай санкциялар қолданылмайды.

Jusan Bank және оның активтері Қазақстанда орналасқан. Бүгінде Jusan қаржылық жағынан тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық банктердің бірі. Банк Қазақстанда тіркелген, оның акционерлері – ҚР азаматтары. Банк Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі мен мемлекеттік заңнаманың барлық талаптарын орындап отыр. Сондықтан Бас Прокуратура Jusan тобына қатысты арызының Jusan Bank қызметіне қатысы жоғын атап көрсетті.

Jusan Bank өз қызметін қалыпты жағдайда жалғастыра береді. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер орындалады. ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі де қаржы институтының тұрақтылығын және банктің барлық заң талаптары мен пруденциалды нормативтерге сәйкестігін растады.