HeadHunter Kazakhstan жұмыс іздеушілер арасында «Сізді жұмыстан не алаңдатады?» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 541 респондент қатысты.
Жұмысқа кедергі болатыр көптеген факторлар онлайн ба, кеңседе де бар.
Қазақстандықтардың көбі интернетке тәуелділіктен зардап шегеді. 37%-ы жұмыс кезінде мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден алшақтау мүмкін еместігін мойындады. Олардың ішінен:
• респонденттердің 18%-ы телефонды 5 минут сайын тексереді;
• 21%-ы жарты сағат сайын телефонға үңіледі;
• тағы 33%-ы сағатына бір рет телефонын қолына алады.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 31%-ы бұл әдетпен күресуге тырысатынын айтты.
Жалпы респонденттердің 14%-ы жұмыс күні телефондағы хабарламаларға қарамайды, тағы 5%-ы жұмыс кезінде қоңырауларға жауап бермейді. Қалғандары нақты жауап бере алмады.
Әлеуметтік желілер мен поштаны үнемі тексеруден басқа (37%), ұйқышылдық (21%), кешігіп келу әдеті (11%), темекі шегу (16%) және үнемі тамақ ішуге ұмтылу (10%) да респонденттерге кедергі келтіреді. .
Респонденттердің тек 5 пайызы ғана жұмысқа кедергі жоқ екенін айтты.