Жұмыс іздеушілер жоғары жалақы сұрай бастады

2022 жылдың наурыз айында hh.kz порталы арқылы жұмыс іздеушілер саны өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда 2,5 есе ұлғайды.

Компания мәліметінше, қазіргі таңда осы платформа арқылы жұмыс іздеушілер саны 200 мыңға жеткен. 

Ең көп жұмыс іздеушілер "Ақпараттық технология" мамандары. Олардың саны былтырғыдан 56% көбейсе, әкімшілік персоналдар саны 34%, "Сауда" саласы мамандары 27% көбейген.  

Бұдан басқа ең көп мамандық иелері "Сату және клиентпен жұмыс істеу менеджерлері", екінші орында "сатушы кассир және сатушы консультант",  үшінші орында "бухгалтер, ары қарай жүргізуші, курьер, әкімші, мұғалім деп кете береді. 

Жұмыс іздеушілердің сұрайтын жалақысы былтырғыдан 28% ұлғайды.