2021 жылдың алғашқы үш тоқсанында қосымша білім беру нарығының көлемі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,8% өсіп, 16,8 млрд теңгеге жетті.
Өткен жылдың үш тоқсанында көрсеткіш 3,5% азайып, 16,5 млрд теңгені құраған еді.
Өңірлер бойынша Алматы қаласында 6,3 млрд теңгеге (67% өсім) қызмет көрсетілген. екінші және үшінші орындарда астана (5,6 млрд теңге, 37,3% азайған) және Атырау облысы (1,3 млрд теңге, 2,1 есе өскен).
Ең аз қызмет Шығыс Қазақстан облысында. Мұндағы көрсетілген қызмет көлемі бар болғаны 4,1 млн теңгені құрады.
Өсім қарқыны бойынша көш басында Түркістан облысы. Өңірдегі қызмет көрсету көлемі 2,7 есе өсіп 277,6 млн теңгеге жетті. Ең көп төмендеген Шығыс Қазақстан облысы, шамамен 17 есе азайған.
Қосымша білім беру қызметінің басым бөлігін жеке білім беру ұйымдары көрсеткен (11,2 млрд теңге). 4,9 млрд теңге мемлекеттік кәсіпорындарға тиесілі болса, 704,3 млн теңге шетелдік компанияларға тиесілі.
Компания көлемі жағынан 13,3 млрд теңгенің қызметін шағын кәсіпкерлер, 3,1 млрд теңгеге орта кәсіпорын, 344,2 млн теңгеге ірі кәсіпорын білім берген.
Халықтың өз қалтасынан төлеген ақысы бір жылда 38,4% өсіп 8 млрд теңгеге жетсе, жұмыс берушілердің төлегені 52,9% көбейіп 3,1 млрд теңгеге жетті. Ал бюджет есебінен төленген қызмет 34,4% азайып 5,7 млрд теңге болды.
Қараша айында кәсіби оқыту курстарының құны былтырғы қарашамен салыстырғанда 12,7% қымбаттады. Соның ішінде Алматы облысында 59,2%, Қостанай облысында 20,7%, Маңғыстау облысында 20,1% қымбаттап кетті.
Шет тілі курстары бір жылда 4,6% қымбаттады. Соның ішінде елордада 10,1%, Алматыда 9,5%, ШҚО-да 7,2% қымбаттады.