Қазақстанда соңғы бес жылда алғаш рет жоғары білім 10%-дан астам қымбаттады, деп хабарлайды kursiv.kz.
Егер өткен жылдары жоғары оқу орындарында оқу ақысы баяу 1-4% аралыңында ғана өссе, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап мұндай білім беру қызметтерінің орташа құны бірден 12,9%-ға өсті.
Ұлттық статистика бюросының «Қазақстан Республикасындағы тұтыну нарығындағы бағалар» бесжылдық жинағы деректеріне сәйкес, мұндай жоғары республикалық баға индексіне жекелеген өңірлердегі жоғары оқу орындарында білім беру құнының өсуі әсер етті.
Бұл үрдісті елдің батысы мен шығысындағы жоғары оқу орындары белгіледі, мұнда бағаның өсуі айтарлықтай болды. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында, Батыс және Шығыс Қазақстанда жоғары білім 20,5 пайыздан 28 пайызға қымбаттады.
Республиканың барлық жоғары оқу орындарының 40%-дан астамы шоғырланған Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында баға индекстері сәйкесінше 114% және 119% құрады.
Статистика көрсеткендей, ЖОО-да білім алудың қымбаттауы сұранысты азайтпады. Жаңа оқу жылында бірінші курсқа қабылданған студенттердің саны азаймай, тіпті 5 пайызға өскен.
Сонымен қатар, 2021 жылы өткен жылдармен салыстырғанда қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын тастап кеткен студенттердің саны азайған. Ақшаның жоқтығынан 14,7 мың адам ЖОО-ны тастап кеткен, дегенмен 2017-2020 жылдары мұндай адамдар айтарлықтай көп болған (жыл сайын 19-24 мың).
Көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемі бойынша 2021 жыл университеттер үшін табысты болды.
Өткен жылы жоғары оқу орындары 434,4 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 16%-ға көп (374,1 млрд. теңге).
Пандемияның бірінші жылында динамика төмен болды - плюс 11%.