Жетісуда құрылыс азайып, Ұлытауда күрт көбейді

2026 жылғы қаңтар-мамырда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 13,4% өсіп, 2410 млрд теңгені құрады.

Өңірлер ішінде республиканың он тоғыз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3,2 есе), Шымкент (31,8%) және Алматы қалаларында (27,2%), Қызылорда (27,1%), Жамбыл (22,8%), Абай (20,9%), Павлодар (19,6%), Батыс Қазақстан (18%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (11,5%), байқалады.

Жетісу облысында көрсеткіш керісінше 23,2% құлдырап кетті.

2026 жылғы қаңтар-мамырда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 7876,1 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,5% көбейді, 6293,4 мың шаршы метрді құрады, олардан 4223,1 мың шаршы метр — көп пәтерлі және 2050 мың шаршы метр — жер үйлер.