2023 жылы бақыланбайтын экономиканың ЖІӨ-дегі үлесі 17,52% құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,26% кеміді
Бақыланбайтын экономиканың жалпы өңірлік өнімдегі ең аз үлес Атырау (9,63%), Ұлытау (10,39%) және Батыс Қазақстан (12,31%) облыстарында байқалды, ең көп үлес – Жетісу (32,29%), Түркістан (30,81% ) және Жамбыл (24,24% ) облыстарында.
Бақыланбайтын (көлеңкелі) экономика — ұлттық шоттарды құру үшін пайдаланылатын негізгі дереккөздерден ақпаратты жинау кезінде қамтылмаған өндірістік қызмет түрлері.