Қаржы министрлігі 9 айда жергілікті бюджетке қанша салық түскенін хабарлады.
Қаржы министрлігі қорытындылағандай, жергілікті бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 112,5% орындалды. Жоспар 4 842,2 млрд теңге болса, іс жүзінде 5 446,6 млрд теңге түсті, 604,4 млрд теңге артығымен орындалды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 1 036,2 млрд теңгеге өсті. Өсу қарқыны 123,5%. 2023 жылдың тоғыз айында 4 410,4 млрд теңге түсті.
Салықтар бойынша биыл тоғыз айда жергілікті бюджет кірісін асыра орындау негізгінен корпоративті табыс салығы 160,8 млрд теңге немесе 17,0%, төлем көзінен салық салынатын табысқа жеке табыс салығы 109,7 млрд теңге немесе 8,2%, төлем көзінен салық салынбаған табыстар бойынша жеке табыс салығы 114,8 млрд теңге немесе 8,2%, әлеуметтік салық 105,9 млрд теңге немесе 9,9% және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпорындардың мүлік салығы 18,4 млрд теңгеге немесе 5,0% артық орындалды.
Ең көп өскен салық түрлері корпоративті табыс салығы 317,9 млрд теңге немесе 40,2%, әлеуметтік салық 209,9 млрд теңге немесе 21,6%, төлем көзінен салық салынатын табысқа жеке табыс салығы 206,3 млрд теңге немесе 16,7%, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы 124,2 млрд теңге немесе 47,5%, төлем көзінен салық салынбаған табыстар бойынша жеке табыс салығы 139,3 млрд теңге немесе 55,6% ұлғайды.