Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында республикада 1,3 млн тонна дайын жем-шөп өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 11,8% аз. Өндірістің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі: 347,3 мың тонна, бір жылда 3% көбейді. Үздік үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, 0,5% азайған) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, 18,4% көбейген) облыстары да кірді, деп хабарлайды ranking.kz.
Анықтама үшін: 2021 жылдың толық қорытындысы бойынша жемшөп өндірісі 1,9 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,6% артық.
Ал, еліміздің солтүстігінде ауыл тұрғындарын жеке қожалық үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі жылдан-жылға өзекті бола түсуде, деп хабарлайды inbusiness.kz. Біріншіден, ауыл тұрғындарының елді мекендер маңындағы жайылымдық және шабындық жерлері жеткіліксіз. Екiншiден, қарапайым халықтың табысы жем-шөптiң қымбаттау қарқынына iлесе алмай барады.
Еске салайық: биылғы 1 қазанға дейін республикада 9 млн бас ірі қара мал болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7% артық. Оның ішінде сиыр басы 4,6 млн басты құрады.
Жылқы саны 11,7% өсіп, 3,8 млн басқа, түйе – 8,6% өсіп, 265,3 мың басқа, қой – 4,2% өсіп, 21 млн басқа, құс – 0,6% өсіп, 50 млн басқа дейін жетті.
Бұл ретте ешкі 0,8% азайып, 2,5 млн басты және шошқа 11,6% азайып, 849,3 мың басты құрады.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,5 млн тонна мал мен құс тірідей салмақта (бір жылда 0,7% көбейген), сойғандағы салмағы 847 мың тонна (0,3% көбейген), сойылды немесе союға сатылды.
Сиыр сүті өндірісі 1,8% өсіп, 5,1 млн тоннаға, тауық жұмыртқасы өндірісі 5,3% өсіп, 3,8 млрд данаға, ірі малдың терісі өндірісі 1,6% өсіп, 2,3 млн данаға дейін жетті. Ұсақ мал терісінің өндірісі былтырғымен салыстырғанда 0,6% азайып, 5,2 млн дана болды.
Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша ет және ет өнімдері бір жылда бірден 15,9% қымбаттады. Оның ішінде ет және құс еті – 14,6%, шұжық өнімдері – 21,3%, басқа да ет өнімдері – 15,7% қымбаттады.
Бір жылда сиыр еті – 9,3%, жылқы еті – 16,3%, шошқа еті – 13,4%, қой еті – 12,5%, құс еті – 28,6% қымбаттады. Шұжық өнімдерінің ішінде пісірілген шұжықтар 22,2%, жартылай ысталған шұжықтар 21,2% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ет және ет өнімдері ең қатты қымбаттаған Маңғыстау облысы: бір жылда 22,6%. Одан кейін Павлодар (20%) және Ақтөбе (19,5%) облыстары.
Қазан айында дүкендер мен базарлар сөрелерінен сиыр етінің килосы орта есеппен 2,4 мың теңгеден, қой етін – 2,7 мың теңгеден, шошқа етін – 2 мың теңгеден, жылқы етін – 3 мың теңгеден, тауық етін – 1,4 мың теңгеден, тауық сан етін – 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжықты – 2,6 мың теңгеден, жартылай ысталған шұжықты – 3,1 мың теңгеден, сиырдың бауыпын – 1,2 мың теңгеден сатылды.