2023 жылғы қыркүйекте банк секторының міндеттемелері 2,6%, 41,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 5,9% немесе 2,3 трлн теңгеге өсті).
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2023 жылғы қыркүйекте жеке тұлғалар депозиттерінің 2,4%, 17,0 трлн теңгеге теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,5%, 31,4 трлн дейін ұлғайды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 0,3%, 14,4 трлн теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы қыркүйекте 1,6%, 23,6 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 1,1%, 7,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 қазанда 25,0%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2023 жылғы қыркүйекте 14,6%-ды (2023 жылғы тамызда – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,0%-ды (2023 жылғы тамызда – 13,9%) құрады.