KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2022 жылғы ақпанда облигациялардың жекелеген шығарылымдарының өтелуіне және айналыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты өткен кезеңмен салыстырғанда 2,6%-ға немесе 417 млрд теңгеге азайып, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 15,0 трлн теңге болды. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша KASE-нің сауда тізімдерінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 324 шығарылымы болды.
KASE-де корпоративтік облигациялар сауда-саттығының көлемі 2022 жылғы ақпанда қосалқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің 3,1 есеге 82,4 млрд теңгеге дейін ұлғаюының есебінен өткен аймен салыстырғанда 3,3 есе, 91,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығында орналастыру көлемі 9,5 млрд теңге болды.
Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлігінде екінші деңгейдегі банктердің үлесі 1,0%-ды, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі – 2,2%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 8,0%-ды, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 87,1%-ды, жеке тұлғалардың үлесі – 1,7%-ды құрады. Бейрезиденттердің үлесі 12,6%-ды құрады.