Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген несиелері 2025 жылғы тамызда 2,4%, 38,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 12,7% өсім). Бұл ретте, ұлттық валютада берілген несиелер 2,6%, 34,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,1%, 3,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгемен берілген несиелердің үлес салмағы 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 91,6%-ды құрады.
Бизнес субъектілеріне берілген несиелер 2025 жылғы тамызда негізінен инвестицияларға және бағалы қағаздар сатып алуға берілген қарыздардың 1,5%, 3,7 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 14,3 трлн теңгеге дейін 1,4% ұлғайды (2025 жылдың басынан 9,4% өсім). Оның ішінде, мерзімінен бұрын өтеулер нәтижесінде ірі бизнеске берілген қарыздар 1,6%, 5,1 трлн теңгеге дейін төмендеді, ШОБ субъектілеріне қарыздар 2,0%, 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке кәсіпкерлерге берілген несиелер бір айда 5,6%, 2,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 26,3% өсім).
Салалар бөлінісінде биылғы 8 айда несиелердің өсуі барлық салаларда дерлік байқалады: өнеркәсіпте – 4,7 трлн теңгеге дейін 1,1%, саудада – 3,9 трлн теңгеге дейін 3,4%, ауыл шаруашылығында – 526 млрд теңгеге дейін 5,0%, құрылыста – 756 млрд теңгеге дейін 1,1%, ақпарат және байланыс салаларында – 193 млрд теңгеге дейін 1,5%.
2025 жылғы тамызда бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңгеге жаңа қарыздар берілді. Бұл ретте, 2025 жылғы 8 айда бұл көрсеткіш 12,1 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% көп.
Бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген несиелер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша 21,5%-ды құрады. Ірі бизнестің теңгемен несиелері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 18,9%, ШОБ субъектілеріне – 19,0%, жеке кәсіпкерлерге – 31,3% болды.