Заң аясында жеке тұлғалардың газ тарату жүйесі объектілерін салуына мүмкіндік беру бекітіліп, кейіннен шығындар өтелген жағдайда оларды газ тарату ұйымдарының меншігіне өткізу жолдары қарастырылады.
Сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін қолданылатын сұйытылған мұнай газының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілуде.
Сұйытылған газды бөлу тетігі, соның ішінде пайдаланылмаған газ көлемін өндірушілерге қайтару тәсілі жетілдірілуде. Сонымен қатар автогаз құю станцияларын орналастыруға қойылатын талаптар күшейтіліп, жерүсті резервуарларын пайдалануға тыйым салынады.
Жекелеген ережелер отандық өндірушілерді қолдауға және газ саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған.