Сауалнама hh.kz сайтының қолданушылары арасында жүргізілді. Сауалнамаға 1145 адам қатысты.
2022 жылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың 19%-ға жуығы IT мамандығын меңгеруді жоспарлап отыр.
25-35 жас аралығындағы жас мамандар ақпараттық технология мамандығын оңай игеріп, жұмыс істей алатынына сенгенімен, ауысуға келгенде шешім қабылдай алмай қалады.
Респонденттердің 5%-ы ақпараттық технология саласындағы курстарға барған. 51%-ы жақын арада байқап көруге ниетті.
Қалған 44%-ның ондай ойы жоқ. Олардың пікірінше, жаңа мамандықты игере алмай қалуы мүмкін немесе тым көп уақыт кетеді деп ойдайды.
Респонденттердің IT саласына барғысы келетін негізгі себептері:
1. Жоғары жалақы
2. Осы мамандарға сұраныс
3. Икемді кесте бойынша қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі
4. Халықаралық компанияларға жұмысқа орналасу мүмкіндігі
5. Көшіп-қону мүмкіндігі