Қыркүйектің соңында Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының барлық секторларында баға өсті:
- қайталама нарық тамыз айымен салыстырғанда 0,2% және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% өсіп, шаршы метрі 511,1 мың теңгені құрады;
- жаңа үй бір айда 0,8%, бір жылда 2% қымбаттап, шаршы метрі 494,2 мыңға жетті;
- жалға алу бір айда 1,5%, бір жылда 8,4%, шаршы метрі орта есеппен 4,5 мың теңге болды.