Биыл жыл соңына дейін Астанада Кипр Елшілігінің ашылады. Бұл туралы Астанада өткен екі елдің туризм саласы өкілдерінің кездесуінде айтылды.
Нәтижесінде қазақстандықтарға Кипрге баруда виза алу процесін едәуір жеңілдетеді, өйткені бұған дейін барлық визалық мәселелер Мәскеудегі елшілік арқылы шешілген еді.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстан мен Кипр арасында тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігі талқыланды. Бүгінде Cyprus Airlines және басқа авиакомпаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Бұл тікелей әуе қатынасын орнатуға және Кипрге саяхатты қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Тікелей рейстердің ашылуы нәтижесінде Кипр бағыты Дубай, Мальдив және Түркия сияқты мемлекеттерге лайықты балама бола алады деп күтілуде.
Айта кету керек, Кипр туристерді демалыс мүмкіндіктерінің алуан түрлілігімен тартады: әдемі жағажайлар мен биік таулар ғана емес, сонымен қатар мәдени және тарихи көрнекті орындарымен қызықтырады. Кипр аралы демалу үшін тартымды әрі тың маршруттарды іздейтін қазақстандықтар үшін жаңа бағыт.
Сондай-ақ, Кипр делегациясы Қазақстан Республикасы да Кипр тұрғындары үшін тартымды туристік бағытқа айналуы мүмкін екенін атап өтті. Өзгеше мәдениеті, бірегей табиғаты мен қазақ халқының қонақжайлылығы кипрліктерді саяхаттауға жаңа бағыт ретінде қызықтыруы мүмкін.
Кездесу аясында қазақстандық туроператорлар мен Кипрдегі жетекші қонақүйлердің бірі Stademos Hotels қонақүйлер желісі арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Luciano sozzo және Omiros Omirou қонақүйлерінің өкілдері Қазақстаннан келген туристерге Кипрдің үздік курорттарында бірінші дәрежелі сервис ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді. Бұл аралдағы қазақстандық саяхатшылар санының өсуіне ықпал етуі мүмкін.