Жезқазған, Семей, Қапшағайда тұрғын үй бағасы екі есеге жуық қымбаттады, деп хабарлайды informburo.kz.
Алматы облысының орталығы Қапшағай болады дегелі пәтер бағасы 30-40% қымбаттаған. Бұған дейін бір бөлмелі пәтер бағасы 6-7 миллион теңге болса, қазір 5-қабаттағы бір бөлмелі пәтердің өзі 12 млн теңге тұрады. Ал Қарағандыда баспана бағасы бірден 30% қымбаттаған.
Мамандар Жезқазғанға халық көп көшіп келсе, онда үй құны бірден 2-3 есе шарықтайтынына сенімді. Қазір Жезқазғанда екі бөлмелі пәтер бағасы 12-13 миллион теңгенің айналасында.
Семейде 90-жылдары салынған үйлердің бағасы 20% өссе, 2000 жылдардан бері қарай салынғандардың бағасы 30% көтерілген. Алайда сауда-саттық тоқтап тұр. Өйткені, қаладағы үйлердің 70%-ы әбден ескіріп, несие бағдарламаларының талабына сай келмейді. Ал тұрғындар қымбатшылықтың қолдан жасалғанын айтады.
Сарапшылар бағаның бұлай өсуіне наурызда теңгенің әлсіреуі мен құрылыс материалдарының қымбаттауы әсер еткенін айтады. Алайда мамандар сәуір айының соңына қарай баспана бағасы түседі деп болжап отыр.