Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жалақыға байланысты төлемдерді біріктіру жоспарланып жатқанын мәлімдеді.

Бірыңғай төлемнің нақты қашан енгізілетіні әзірге белгісіз. Премьер-министрдің орынбасары бұл жақында болуы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, бірыңғай төлем жалақыдан ұсталатын төлемдерді біріктіреді. Яғни жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа төлемдерді бір төлем арқылы төлеу. Бірақ бұл салық сомасы азаяды дегенді білдірмейді, бірнеше төлем орнына барлық сома қосылып бір ғана төлем жасалады.