2021 жылдың үшінші тоқсанында орташа айлық жалақы көлемі 243,7 мың теңгені құрады. Былтырғыдан 19,3% көп. Ал нақты төлем қабілеті 9,8% ұлғайды.
Өткен жылдың үшінші тосқанында орташа жалақы 6,9% көбейіп 204,3 мың теңге болған еді.
Өңірлер бойынша ең көп ұлғайған жалақы Атырау облысында. Мұнайды өңірде жалақы былтырғыдан 19,5% көбейіп 419,1 мың теңге болды.
Артынша Маңғыстау облысында 6,2% көбеіп 346,5 мың теңге болса, елордада 7,8% ұлғайып 338,4 мың теңгеге жетті.
Ең аз Түркістан облысында 11,5% көбейіп 181,1 мың теңге болды.
17 өңірдің 4-еуінде ғана алақы өсімі орташа республикалық көрсеткіштен артық көбейді. Атырау, Маңғыстау, елордадан бөлек Алматы қаласында орташа жалақы 283,7 мың теңге болды.
Салалар бойынша қаржы және сақтандыру саласы қызметкерлерінің жалақысы 18,8% көбейіп 452,8 мың теңгені құрады.
Одан кейін кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 17,4% артып 369,5 мың теңгені, ақпарат және байланыс саласында 19,9% көбейіп 331,1 мың теңгеге жетті.
Ең көп ұлғайған сала әкімшілік және қосалқы қызмет саласында жалақы 37,1% көбейіп 256 мың теңгені құрады. Ең аз көбейген жылжымайтын мүлікпен оепарцияда 2,7% көбейіп 181,9 мың теңге болды.