Биыл күзге қарай еңбек нарығында жаңа үрдістер пайда болды, сұранысқа ие мамандықтар, атап айтқанда сақтандыру, IT және логистердің жалақылары едәуір өсті, деп хабарлайды HeadHunter команиясы.
Қазіргі таңда компанияның порталында қазақстандық жұмыс берушілерден 36 мыңнан астам сұраныс бар. Ең көп сұранысқа ие мамандықтар сату менеджерлері, әкімшілік мамандары, бухгалтерлер, қаржыгерлер, IT мамандары, логистер мен банк қызметкерлері.
"2021 жылдың күзгі айларында жазғы уақытпен салыстырғанда орташа жалақы 4% көбейіп 230 мың теңге болды. Соның ішінде ең көп сақтандырушылардың жалақылары 22% өсті. Екінші орында ақпараттық технология мамандары (+14%). Бұл мамандықтың жалақысы тұрақты өсіп келеді. Үшінші орында логистика, мұндағы жалақы 11% өсті. Қалған мамандықтарда жалақы1-10% аралығында өсті", деп жазады компания.
Кей мамандықтарда керісінше жалақы төмендеп кеткен. Соның ішінде жоғарғы менеджмент (-1,6%), құрылыс және жылжымайтын мүлік (-1,7%), мемлекеттік қызмет және коммерциялық емес ұйым (-2,3%), үй жұмыскерлері (-3%).
Шикізат өндірісіндегі жалақы ең қатты азайды (-29%).
Жалпы жалақы көлемі бойынша ең "бай" мамандықтар жоғарғы менеджмент, ақпараттық технология, құрылыс және жылжымайтын мүлік, шикізат өндірісі, мемлекеттік қызмет және коммерциялық емес ұйымдар.
Қалалар бойынша ең алда астана (260 мың), одан кейін Алматы (245 мың теңге), Петропавл (213 мың теңге), Атырау (212 мың теңге) және Қарағанды (206 мың теңге). Айта кетерлігі, бұл аталған порталда жарияланған вакансиялардың жалақылары.