Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Иран Ислам Республикасына жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Парсы шығанағында орналасқан Бандар-Аббас портына болды.
Бұл өңірдегі қуаттылығы жылына 135 млн тонна болатын ең ірі ауыстырып тиеу хабтарының бірі, мұнда жүк темір жол, авто, теңіз көлік түрлерінен жүргізіледі.
Порттың негізгі ауыстырып тиеу қондырғылары мен сақтау терминалын аралап көргеннен кейін қазақстандық бизнес өкілдері Парсы шығанағы жағалауында өздерінің ауыстырып тиеу қондырғыларын құруға қызығушылық білдірді.
Иран тарапы Бандар-Аббас портында құрғақ терминал салу үшін 15 гектар жерді резервке алуға келісті. Бұл мәселені нақтылап анықтау үшін Шахид Раджай портының әкімшілігі (Бандар-Аббас) мен қазақстандық бизнес өкілдері арасында бірлескен жұмыс тобы құрылады.
Сонымен қатар Қазақстан мен Иран тауарлардың жүк айналымы жылына 1 ден 4 млн тоннаға дейін ұлғайту туралы Меморандумға қол қойды.
Қазақстандық аграрлық және өнеркәсіптік өнімдер үшін жаңа өткізу нарықтарына шығу мүмкіндіктері, қолданыстағы солтүстік-оңтүстік бағытындағы кедергілерді жою қазақстандық және ирандық тараптардың талқылаған негізгі тақырыптарына айналды.
- Бүгін Қазақстан бидай мен арпаны, кондитерлік және ұн өнімдерін, ет, өсімдік майларын және басқа да өнімдерді экспорттауға дайын, - деді Серік Жұманғарин Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садатинеджадпен кездесуде. – Біз Иранмен агроөнеркәсіптік өнімдердің өзара сауда көлемін 1 млрд долларға дейін ұлғайтуға және Қазақстан үшін Пәкістан, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Африка сынды жаңа нарықтарға шығуға қызығушылық танытудамыз. Ирандық әріптестердің саладағы тәжірибесі біздің бизнес үшін өте пайдалы болары сөзсіз.
Иранның Көлік және қаланы дамыту министрі Ростам Қасемимен кездесу барысында Серік Жұманғарин қазақстандық тараптың тауарлар ағынының көлемін жылына 1 млн тоннадан 4 млн тоннаға дейін ұлғайту ниетін айтты. Ол үшін кездесуге қатысушылар 2022 жылдың соңына дейін "тар" инфрақұрылымдық орындарды жою және 2022-2025 жылдарға арналған Солтүстік-Оңтүстік бағытының әлеуетін дамыту бойынша үшжақты жол картасын қабылдауға келісті. Тараптар Жол картасына енгізу үшін келесі қадамдарды пысықтауға келісті:
- жүк көлігінің жүргізушілері, халықаралық тасымалдарға қатысушылар үшін арнайы визалық режим құру. Бизнес өкілдері үшін осындай визалық жеңілдіктер алу мүмкіндігін қосымша қарастыру;
- бірыңғай тарифті, бірыңғай көлік құжатын және бірыңғай ақпараттық жүйені енгізуді қоса алғанда, екі елдің кедендік ресімдеу процестерін оңтайландыру;
- "Қырғызстан – Қазақстан - Ресей" үлгісі бойынша навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, "Қазақстан – Түрікменстан - Иран" бағыты бойынша жүктерді автокөлікпен тасымалдау бойынша пилоттық жобаны іске қосу.
Сондай-ақ, логистикалық процестер мен екіжақты сауданың тиімділігін арттыру мақсатында тараптар бірлескен экспорттық-импорттық компания құру мүмкіндігін пысықтауға келісті.
Кездесулер барысында айтылған барлық тараптар сауда, көлік және логистиканы дамыту саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қоюмен бекітілді.
2022 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 9,3% - ға өсіп, $350,2 млн (2021 ж. 8 айы - $320,4 млн.) құрады. Бұл ретте экспорт көлемі өткен жылдың 8 айының көрсеткіштері деңгейінде сақталып (0,1% - ға төмендеді), $215,3 млн құрады. ҚР мен ИИР арасындағы тауар айналым 2021 жылы $440,9 млн құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 85,1% - ға жоғары ($238,1 млн.).