Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, 1 шілдеден бастап бастапқы жарна мөлшеріне қарай ипотекалық несиелердің шекті мөлшерлемесі өзгереді.
Егер бастапқы жарна 30%-дан асса, онда ипотеканың жылдық шекті мөлшерлемесі ары кетсе 20% болады. Ал бастапқы жарна 30%-дан төмен болса, мөлшерлеме қазіргідей 25%-ға дейін жетеді.
Қазіргі уақытта ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оны 20%-ға дейін төмендетуге бірнеше рет талпыныс жасаған.
Сүлейменовтың сөзінше, бұл өзгеріс бойынша техникалық мәселелер әлі де қарастырылып жатыр. Тиісті шешім жобасы мамыр айында жарияланады.