Ипотекаға өтінім берушілер азайып кетті

Ипотекаға өтінім берушілер азайып кетті

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының мәліметінше, 2026 жылдың І тоқсанында жаңадан берілген ипотекалық несие көлемі берілімі 12,3% өсіп, 438 млрд теңгені құрады. Алайда бұл өсім нарықтың жанданғанын емес, мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы күшейгенін көрсетеді.

Негізгі көрсеткіштер:

  • Отбасы банкі ипотека беруді 54,3% арттырып, 347,5 млрд теңге несие рәсімдеді;
  • Нарықтық ипотека көлемі 53,6% қысқарды;
  • Жеңілдетілген ипотеканың жаңа несиелердегі үлесі 73,9%-дан 85,1%-ға дейін өсті;
  • Коммерциялық ипотеканың үлесі небәрі 14,9% болды.

Ипотекаға берілген өтінімдер саны 20,7% азайып, соңғы екі жылдағы ең төменгі деңгей – 192 мыңға түссе,  үй саудасы 4,5% қысқарды.

Ипотеканың орташа мөлшерлемесі 10% болды, бұл базалық мөлшерлемеден (18%) және инфляциядан (11%) төмен.

Сарапшылардың пікірінше, ипотека нарығы әзірге мемлекеттік бағдарламалардың есебінен өсіп отыр. Ал жоғары базалық мөлшерлеме мен қатаң несие талаптары коммерциялық ипотеканың қалпына келуіне әлі де кедергі болып тұр.