2021 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, банктердің кредиттеуінің жиынтық көлемі 2021 жылғы тамызда 2,7%-ға ұлғайып, 16, 46 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 2021 жылғы тамызда 3,2%-ға, ал жыл басынан бастап 14,4%-ға – 12,72 трлн теңгеден 14,56  трлн теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер іс жүзінде 1,5%-ға, жеке тұлғаларға 4,2%-ға ұлғайды.

Салалық бөліністе банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп, оның жалпы көлемдегі үлесі – 14,3%, сауда - 10,7%, құрылыс - 3,3% және көлік - 2,7% сияқты салаларға тиесілі.

Халыққа ипотекалық кредит беру көлемі 2021 жылғы тамызда  3,2%-ға ұлғайды, 2021 жылдың басынан бастап 2,37 трлн теңгеден 2,8 трлн теңгеге дейін 18%-ға ұлғайды. Азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына арналған кредиттер 2021 жылғы тамызда 4,7%-ға, 2021 жылы – 4,19 трлн теңгеден 5,43  трлн теңгеге дейін 23,8%-ға өсті.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 4,6%-ды немесе 805,4 млрд теңгені құрап, 2021 жылғы тамызда 13,8  млрд теңгеге немесе 0,2%-ға ұлғайды. Жеке тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 4,3%-ды, ШОБ-ты ескере отырып, заңды тұлғалардың портфелінде – 5,5%-ды құрады.

Банктердің несие портфелінің жалпы көлеміндегі мерзімі өткен қарыздардың үлесі 7,3%-ды немесе 1,27 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 73,6%-ды құрады.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2021 жылғы тамызда 0,6%-ға және 2021 жылдың басынан бастап 13,4%-ға ұлғайып, 25,2 трлн теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 2021 жылғы тамызбен салыстырғанда 12,76 трлн теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды (2021 жылдың басынан бастап 12,9%-ға ұлғайды), жеке тұлғалардың депозиттері 12,28 трлн теңгеге дейін 0,3%-ға (2021 жылдың басынан бастап 12,1%-ға) ұлғайды.