Қазақстандағы ипотекалық несие алушылардың жартысынан көбі әйелдер. Олар 2022 жылдың бірінші жартысында несиені жиі алды, деп хабарлайды Krisha.kz Бірінші несие бюросына сілтеме жасай отырып.

Берілген ипотекалық несиенің 55 пайызын әйелдер құрайды.

Соның ішінде ипотека алушы әйелдердің 25 пайызы 30-44 жас аралығындағы әйелдер.

12 пайызы 30 жасқа дейінгі әйелдер, 18 пайызы 45 жастан асқандар.

Ерлер арасында ең көп ипотека алатындар 30 жасқа дейінгілер (14,6%).

21,2%-ы 30-44 жас аралығындағылар.

45 жастан ары қарай – 9,3%.

Алынған несиенің 24,8 пайызы 15–20 млн теңге аралығында.

21,9 пайызы 10–15 млн теңге аралығында болса, 9%-ы 40 млн теңгеден ары қарай.

Қазақстан Республикасында қаңтар-маусым айларында ипотеканың орташа мөлшері 13,8 млн теңгені құрады.

Ерлердің ай сайынғы төлемі 145,3 мың теңге, әйелдердікі 155,7 мың теңге.