Ипотека алу қиындап кетті
Банктер тұтынушыларға аса сақтықпен қарайды.

Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді. Оның себебі "Баспана Хит" бағдарламасының жабылуы мен үй бағасының қымбаттауы, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бас банктің мәліметінше, елдегі 20 банкке жасалған сауалнама нәтижесі көрсеткендей, биылғы жылдың үшінші тоқсанында екінші тоқсанмен салыстырғанда ипотекалық өтінім саны 27% көбейгенімен, мақұлданған өтінімдер саны керісінше 17% азайып кетті. Ипотека алудың қиындау себебі банктердің клиенттің төлем қабілетін бағалауда скорнингтік жүйесін енгізуі. 

Алайда банктердің көбі шарттарды жеңілдетіп жатқаны да жасырын емес. Атап айтқанда кепілзат талатары жеңілдетіліп; жылдық үстеме пайызы төмендеп; комиссия азайды; алғашқы жарна сомасы азайды.

Биыл банктердің берген ипотекалық қарызы мынадай:

- I тоқсан - 314.5 млрд теңге;

- II - 438.2 млрд теңге;

- III - шамамен 438 млрд теңге.

IV тоқсанда да көрсеткіш қазіргі деңгейде сақталады деген болжам бар.