Bitcoin өсімі институционалдық сұраныстың күшейгенін көрсетеді, дейді Binance Kazakhstan бас менеджері Нұрхат Көшімов.
Оның айтуынша, Bitcoin бағасының қазіргі өсімі барған сайын фундаменталды сипат алып, цифрлық активтерге институционалдық және жеке инвесторлардың қызығушылығы күшейіп келе жатқанын көрсетеді.
Нарыққа қолайлы макроэкономикалық жағдаймен қатар, спот Bitcoin ETF-теріне капиталдың қайта оралуы да қолдау көрсетіп отыр. Тек 17-20 тамыз аралығында олар шамамен $1,6 млрд инвестиция тартқан. Сонымен қатар Ethereum ETF-теріне қызығушылық артып, реттелетін криптоинфрақұрылым да дамып келеді.
«Криптонарықтың құрылымы да өзгеруде. Bitcoin баға қозғалысында нақты капитал ағындары мен институционалдық инвесторлардың позициялары барған сайын маңызды рөл атқара бастады. Binance Research мәліметінше, ETF-тер, биткоин ұстайтын компаниялар және ұзақ мерзімді инвесторлар тарапынан сұраныс нарықты қолдаудың негізгі факторларының бірі болып отыр», - дейді Көшімов.
Өсім Bitcoin-мен ғана шектелмейді. Ethereum-ге де институционалдық капитал тартылып, криптонарықтың жалпы капитализациясы қайтадан $2 трлн-нан асты. Бұл инвесторлардың цифрлық активтерге деген қызығушылығы жалпы қайта жанданып жатқанын көрсетеді.
Көшімовтың айтуынша, егер институционалдық капитал ағыны, реттелетін өнімдердің дамуы және нақты сұраныс одан әрі күшейсе, қазіргі өсім цифрлық активтер нарығының тұрақты қалпына келуіне негіз болуы мүмкін.