Қазақстанда инвестиция халық арасында танымал болып келеді. Бұл адамдардың көзқарасы “жұмсаудан” “жинауға” ауысып жатқанын білдіреді. 

Ұлттық банк жариялаған деректерге сәйкес, 2023 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан халқындағы несие көлемі бір жылда 28% өскен. Орталық депозиторий деректері бойынша, осы уақыт аралығында тіркелген брокерлік шоттардың саны 1 миллионға жеткен. Бұл қазақстандықтар ұзақ мерзімді жинақ, зейнет жасы мен балалардың болашағын ойлай бастағанын көрсетеді. 

Қазір iPhone сатып алғанға қарағанда Apple акцияларын сатып алу сәнге айналды. Ал акция бағасы 190 долларды (шамамен 85 мың теңге, смартфоннан 10 есе арзан) құрайды. Джобстың акцияларын қымбат санайтындар үшін оның баламалы нұсқалары барын еске саламыз. Мысалы, ҚазМұнайГаз акциялары бүгінгі күнде 10 050 теңге, ал Халық Банк акцияларын бар-жоғы 164 теңгеге сатып алуға болады. Бұл бір шыны кофе бағасынан да арзан. 

Қазақстандықтар өздері білмесе де белгілі бір деңгейде инвестор екенін атап өту керек. Экономикалық белсенді халық, яғни жұмыс істеп, ақшасын өзінде ұстамай, БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдерін жасайтындарды инвестиция салып жатыр деуге болады. Сондықтан, әр қазақстандық - инвестор деп айта аламыз.


Банк картасын ашу қалай оңай болса, брокерлік шотты ашу да тура сондай оңай жұмысқа айналды. Ал акция сатып алу, онлайн дүкенде тауар сатып алғанмен бірдей. Кез келген адам үйінен ешқайда шықпай-ақ, брокерлік компания қолданбасын жүктеп, тіркеуден өтіп, инвестор атана алады. 

Jusan қолданбасында брокерлік шот ашып, оны толтыру үшін бар-жоғы 5 минут уақыт кетеді. Салыстыру үшін айта кетейік, Қазақстанда бірнеше жыл бұрын брокерлік шот ашу үшін белгілі бір кеңсеге барып, қағаздарға қол қойып, тағы бірнеше күн күту керек еді. 

Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанда қазіргі уақытта миллионнан астам брокерлік шот бар, ал 1 маусымдағы деректерге сәйкес, оның 633 мыңы Jusan Invest клиенттері болып саналады. Брокерлік шот ашу бойынша компания нарықтағы №1 болып саналады.  Оны ақпан айында «Инвесторларды тартуға қосқан елеулі үлесі үшін» марапатын табыстап, Қазақстан қор биржасы да растады. Күніне қолданбада 1500-ден астам жаңа брокерлік шот ашылса, ал 200-ден астам шот толықтырылады. 

Егер кейбір қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-да сақтаса, енді кейбірі жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік бойынша басқарушы компанияға тапсырады. Ал үшіншілері баспана сатып алу және емделуге жұмсайды. Маусым айының басында басқарушы компанияларға берілген зейнатақы жинақтарының 44%-ы Jusan Invest-ке тиеселі. 

Енді, инвестор болу қанша тұрады? Қор биржасында инвестиция жасау үшін көп ақша керек пе? Жауап: Jusan Invest арқылы 100 теңгеден бастап инвестициялауға болады. Өйткені компания “Қанша қазақстандық болса - сонша инвестор” деген тұжырымға сенеді. Мысалы, тікелей қолданбадағы Jusan Academy-де тегін қаржылай білім алатын қатысушылар саны 2,5 есеге артты. 

Биыл брокерлік компания жоғары позициялар көрсетіп, нарықтағы 4 жылдығын атап өтті. 

Компания құрамындағы қызметкерлердің 30%-ы IT-мамандардан тұрады. Олар күн сайын цифрлы сервистердің жұмысын жақсарту үшін тынымсыз еңбек етеді. 

Инвестициялар сен үшін - мүмкіндіктер сен үшін!