Ақшаны жинау және көбейту қашанда әркім үшін маңызды. Бұған дейін бірнеше рет жазғанымыздай, қазақстандықтар соңғы жылдары бірқатар инвестиция құралдарына қаражат салу мүмкіндігіне ие болды. Солардың бірі ретінде, әсіресе ұзақмерзімді болашақта отандық компаниялардың акциясын алуды қарастыруға болады. Осы орайда, орташа айлықпен қаржы капиталын құрудың ықтимал тиімді жолдарын іздеп көрмекпіз.

Сонымен, «Қалай ақша жинап, көбейтуге болады?» деген сұрақ қашан да өзекті. Жеке қаражатты басқару бойынша мамандар ақша жинау үшін «алдымен өзіңе төле» деген қағиданы ұстануға кеңес береді. Яғни табыс түскен бойда оның 10%-ын инвестициялау қажет. Бұны әдетке айналдыру үшін жалақы немесе басқа кез келген кіріс түскенде бірден осылай істеу керек. Сонда болашақта нақты табыс әкелетін қаржы капиталын құруға болады. Бірақ ең басты ережені ұмытпайық – инвестиция жасауды ай сайын әдетке айналдыру.

Қаржы капиталын құрамын десеңіз, жай ғана ақша жинау кейде аздық етеді. Жинаған ақшаны көбейте білу де өте маңызды. Ол үшін болашаққа инвестиция стретегиясын құра отырып, ақшаны сауатты басқарған жөн. Мәселен, Қазақстан қор биржасының (KASE) индексіне кіретін топ-5 компанияның акцияларына инвестиция құралы ретінде қарастырып көрейік.

Мысал ретінде қарастыруға KASE индексіне кіретін осы бес компанияға жеке-жеке тоқталсақ.

Қазақстандық компаниялардың акциясына инвестициялау бір жағынан елдің экономикасына қолдау білдіру деген сөз. Ақшаңыз ұзақ мерзімде тиімді жұмыс істейді. Тек өзіңіздің қаржылық тұрақтылығыңыз үшін ғана емес, еліміздің тұрақты дамуы үшін де үлес қоса аласыз.

Егер сіз ай сайын айлығыңыздың бір бөлігін инвестицияға жұмсаймын десеңіз, онда Freedom Broker-дің инвестиция калькуляторымен есептеп көруге болады.

Калькулятор әр түрлі компанияларға салынатын ақша нақты уақыт ішінде қаншалықты өсетінін көрсетіп береді. Назар аударатын жайт – кез келген адам инвестиция жасаудың алдында акциясын сатып алатын компания туралы жан-жақты зерттеген жөн. Әр түрлі факторларға байланысты компаниялардың акциялары не өсуі, не төмендеуі мүмкін. Сондықтан, бұрын көрсеткен нәтижелер болашақта да дәл солай қайталанады дегенді білдірмейді. Ешқандай компания инвесторға салған ақшасының өсетініне кепілдік бермейді. Бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын сатып алуда әрқашан жауапкершілік инвестордың өзінде екенін есте сақтаған жөн.

Мысалы, егер де айлық кірісі 500 000 теңге болатын азамат «алдымен өзіңе төле» қағидасы бойынша тура бір жыл бұрын табысының 10 пайызын инвестицияға жұмсады дейік. Ол былтыр қазанда инвестицияға 10 пайыз көлемінде ақша салғанда, 12 айда қанша табыс табатын еді? Осыны есептеп көрейік. Кестеде былтыр 50 000 теңгеге сатып алынған акциялардың бағасы 12 айдан кейін қаншалықты өсуі мүмкін еді деген сұраққа жауап берілген.

Бұдан бөлек, 50 000 теңгеге бір ғана компанияның емес, көрсетілген 5 компанияның да акциясын сатып алуға, яғни әр компанияның акциясына 10 мың теңгеден салып, инвестицияны әртараптандыруға болады. Олай болған жағдайда, былтыр аталған 5 компанияға салған 50 000 теңгеңіз бір жылда 33,5% өсіп, бүгінде 66 747 теңгеге дейін көбейер еді. Бұл, әрине, біздің есеп, бірақ іс жүзінде басқаша болуы да мүмкін.

Айтпақшы, қор нарығында тек акция бағасының өсімінен ғана емес, дивидендтен де пайда табуға болады. Нарықтағы жағдайға байланысты  компаниялар белгілі бір уақытта қанша үстеме пайда көрсе, соны өз акциясын сатып алғандар арасында үлестіріп береді.

Егер қаржылық тәртіп дұрыс болса, кез келген табыспен, кез келген қаржылық жағдайда инвестиция жасауға болады. Ол үшін арнайы сәтті немесе көп ақшаны күтудің қажеті жоқ. Жоғары біз келтірген мысалдағыдай 50 000 теңгемен бастап кетуге болады.

Freedom Finance Global PLC (АХҚО арқылы AFSA-ның AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы берілген, www.ffin.global). Бағалы қағаздарға инвестиция салуда әрқашан капиталды жоғалту қаупі бар. Қауіп туралы ақпаратты сайтымыздағы Freedom Finance Global PLC бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік (агенттік) қызметтер көрсету Регламентінің 4-Қосымшасынан таба аласыздар.

*Бұрынғы нәтижелер болашақ жетістікке кепіл емес.

**Бұл материал тек ақпараттық сипатта және қандай да бір қаржы құралын сатып алуға немесе сатуға қатысты инвестициялық кеңес, ұсыныс немесе үгіттеу емес. Инвестицияға қатысты барлық шешім өз бетінше қабылданып, инвестор өз әрекеті үшін толық жауапкершілік алады. Толығырақ ақпарат алу үшін өзіңіздің қаржы кеңесшіңізге хабарласыңыз.