Қазақстанда заңнамалық деңгейде инвестициялық қорлардың жаңа түрлерін – ETN (биржалық ноталар), ESG және хедж-қорларды енгізу жоспарлануда, бұл Ұлттық эеономика министрлігі әзірлеген 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасында қарастырылған. Жоба қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Тұжырымдамада негізгі капиталға инвестициялардың номиналды өсуіне қарамастан, нақты мәнде көрсеткіш екі есе – 2000 жылдардың басындағы ЖІӨ-нің 30%-нан қазіргі 14-15%-ға дейін төмендегені атап өтілген.

2029 жылға қарай Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде күтілетін негізгі нәтижелер:

  • негізгі капиталға инвестицияны ЖІӨ-нің «23%-дан төмен емес» деңгейіне дейін ұлғайту;
  • 150 млрд доллардан кем емес тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынын тарту (2023 жылы 23,4 млрд доллар болды, бұл 2022 жылғы деңгейден 16,9% аз);
  • «экономиканың ресурстық емес секторларына баса назар аудара отырып, инвестициялық ағындарды әртараптандыру» (нақты көрсеткіштер белгіленбеген);
  • «инвесторлардың инвестициялық ахуалға қанағаттануының жоғары дәрежесі (зерттеу нәтижелері бойынша 90%-дан төмен емес)»;
  • инвестицияларды тарту үшін бизнес-процестерді толық цифрландыру;
  • банктердің корпоративтік секторды несиелеуін 2022 жылы базалық құннан 161%-ға дейін ұлғайту (ол кезде бұл көрсеткіш 11,2 трлн. теңге болған);
  • «экономиканы несиелеуде қаржыландырудың баламалы көздерін ынталандыру», ең алдымен инвестициялық және венчурлық қорлар арқылы.

Соңғы тапсырманы заңнамалық деңгейде жүзеге асыру үшін сонымен қатар ETN (биржалық ноталар), ESG және хедж-қорларды енгізу жоспарлануда.