2022 жылғы 1 шілдеде ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтердің жиынтық көлемі 476,8 млрд теңгені құрады және алдыңғы аймен салыстырғанда 55 млрд теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. 

Мұндай ұлғаю, ең алдымен, бағалы қағаздар портфелінің ұлғаю (52,6 млрд теңгеге немесе 13,8%-ға ұлғаю) есебінен болды, атап айтқанда, айтарлықтай ұлғаюға бейрезидент-эмитенттердің (39,6 млрд теңгеге немесе 14%-ға ұлғаю) және резидент-эмитенттердің (10 млрд теңгеге немесе 13,3%-ға ұлғаю) бағалы қағаздарының портфелі ықпал етті.

2022 жылдың басындағы жағдайға қатысты жиынтық активтер 6,4 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға төмендеді, бұл ретте бағалы қағаздар портфелінің 1,7%-ға ұлғаюы байқалады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 434 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорлары жиынтық активтерінің 91%-ын бағалы қағаздар портфелі құрайды. Бұл ретте портфельдің 98%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша инвестициялық пай қорларының портфеліндегі бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары 322,7 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 67,7%-ын, ҚР резидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары 85,9 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 18%-ын құрады. Активтер құрамында 16,1 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 3,4%-ы мөлшерінде шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары да бар.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында 39 брокер және дилерлер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан-банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің және сауда репозитарийінің функцияларын атқаратын 2 инфрақұрылымдық ұйым: «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ бар. Бұдан басқа, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың негізінде орталық контрагент жұмыс істейді. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар саны 74 дананы құрады.