2022 жылғы мамырда қайталама нарықтағы инвесторлар құрылымындағы банктердің үлесі 12,9%, брокер-дилерлік ұйымдардың үлесі – 3,4%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 1,1%, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 80,5%, жеке тұлғалардың үлесі – 2,2% болды. Бейрезиденттердің қатысуы 23,4%-ға бағаланады.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында 43 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 23 аралық, 20 жабық және 1 ашық.
2022 жылғы мамыр айының қорытындылары бойынша ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтердің жиынтық көлемі 14,1%-ға немесе 69,4 млрд теңгеге төмендеп, 421,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың басынан бері 12,8 %-ға төмендеді).
Мұндай төмендеу, ең алдымен, ұлттық валютаның нығаюы есебінен болды, атап айтқанда айтарлықтай төмендеуге бейрезидент-эмитенттердің (52,3 млрд теңгеге немесе 15,6%-ға төмендеу) және резидент-эмитенттердің (4,8 млрд теңгеге немесе 5,9%-ға төмендеу) бағалы қағаздарының портфелі ықпал етті.
Бұл ретте, 2022 жылдың басындағы жағдайға қатысты жиынтық активтер 61,4 млрд теңгеге немесе 12,7%-ға, сондай-ақ әсіресе бағалы қағаздар портфелінің төмендеуі есебінен төмендеді.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 384,8 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 90,4%-ын құрайтын бағалы қағаздардың портфелі инвестициялық пай қорларының негізгі активтері болып табылады, бұл ретте портфельдің 98%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
2022 жылғы мамыр айының қорытындылары бойынша инвестициялық пай қорларының портфеліндегі бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары 283,1 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 67,1%-ын, ҚР резидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары 75,8 млрд теңгені немесе жиынтық активтердің 18%-ын құрады.
Активтер құрамында, сондай-ақ 14,8 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 3,5%-ы мөлшерінде шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары бар.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын 39 брокер және дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеушінің және сауда репозитарийінің функцияларын орындайтын 2 инфрақұрылымдық ұйым: «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ ұсынды. Бұдан басқа, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың негізінде орталық контрагент жұмыс істейді. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар саны 74 дананы құрады.