Инвестиция салуға бел буған адам тәуекел ете отырып, және жауапкершілік ала отырып брокерлерге жүгінеді. Бұған дейін Naryk.kz бастауыш инвесторлардың білуі тиіс бірқатар базалық кеңестермен бөліскен едік. Тұрақты түрде қор нарығына қаржы салуды мақсат еткен жан өз бетінше білім алумен қатар, кәсіби мамандардың да кеңестерін алғаны абзал. Осы орайда, бүгін Freedom Broker командасының бастауыш инвесторларды оқыту мақсатында қолға алған жобаларын таныстыруды жөн көрдік. 

Ересектер мен балаларға арналған қаржылық сауат сабақтары

Ересектерге арналған Freedom Academy жобасы қаржылық сауатты арттыруды мақсат етеді. Академия аясында бірнеше тәжірибелі маманның тегін курстары ұсынылады. Сонымен қатар қатысушыларды біліктілік категориясына бөле отырып та курстар ұйымдастырады. Мәселен, тек трейдерлерге арналған Талғат Байбосыновтың «Day Trading», Елена Беляеваның «Basic техникалық талдауы» және Максим Адияновтың «Практикалық трейдинг» атты курстары бар.  

Freedom Academy-де инвесторлар мен трейдерлер білім береді. Курстан өткеннен кейін сіз дәрістер мен қосымша материалдарға қолжетімділікке ие боласыз. Оқыту барысында мамандар әрбір оқушының ұзақ мерзімді қаржылық мақсаты мен тәуекел деңгейін анықтауына көмектеседі. Анықталған ерекшеліктер негізінде сауда жоспары мен жеке стратегия жасалады және үнемі түзетіледі. 

Алғашқы теориялық кезеңдерден кейін студенттер мамандардың жетекшілігімен қор биржасында алғашқы мәмілелерін жасайды. Бұл – алған білімдерін тәжірибеде қолдану, нақты нәтижелерді көру және стратегияны дер кезінде жетілдіру үшін кері байланыс алу мүмкіндігі. 

Ал 2019 жылдың шілдесінен бері қаржылық сауаттылыққа бағытталған Freedom Finance Camp тегін балалар лагері жобасында 11-13 жас аралығындағы балалар қаржылық білімдерін шыңдады. Бағдарлама аясында балалар ақшаның не екенін, онымен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін, ақылмен жұмсап үйренудің қыр-сырын меңгереді. Сонымен қатар компанияның қаржы сарапшылары қатысушыларға қор нарығы, құнды қағаз, банк, жылжымайтын мүлік, сақтандыру тақырыптарын да таныстырады. 

Лагерь барысында креативті форматта интерактивті ойындар ұйымдастырылып. Мұндай формат – балалардың ішін пыстырмай, қаржы әлеміне деген қызығушылықты арттыруға таптырмас тәсіл. Балаларға қаржылық сауат әліппесін үйрететін әрбір сабақ 1,5 сағатқа созылады. Ал негізі 8 сабақ түрі әзірленген. Бір топта 6-8 бала болады. 

Жоба енді бұрынғыдай тек жазда ғана өтпейді. Бұған ата-аналар мен балалардың қызығушылығы және сұранысы себеп. Енді бұл жоба біртіндеп мектеп бағдарламаларына да енгізілмек. 

Акциялардың интернет дүкені мен сауда платформасы

Freedom Broker өз тұтынушыларына қолайлы болу үшін инвестициялауға қатысу талаптарын біршама жеңілдеткен, тіпті акциялардың да онлайн дүкенін қалыптастырған. Бұл ретте біз назарларыңызға акциялардың интернет-дүкені Freedom24 және Tradernet.global платформасы арқылы инвестициялау мүмкіндігі бар. 

Freedom24 интернет-дүкені 2020 жылдың қаңтарында ашылды және содан бері табысты жұмыс істеп келеді. Дүкен әрбір қазақстандық үшін қор нарығына кіру нүктесін жеңілдетіп, банк картасы арқылы бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік берді. 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін 14 мыңнан астам шот ашылды. Жоба бұрын-соңды инвестиция әлеміне аяқ баспаған жандар үшін ашылған.


«Біз өз жобамызды мейлінше қарапайым, қолайлы әрі жедел етіп жасауға тырыстық. Біздің аудиториямыз – 25-40 жас аралығындағы тұтынушылар. Бірден өз клиенттеріміз үшін бағалы қағаздардың ауқымды тізімін ұсынбадық. Мұның бірнеше себебі бар. Өзіміздің қадағалаушылық және техникалық нюанстарымыз болды. Дегенмен басты себеп – нарықты және оның қатысушыларын дұрыс бағалау маңызды болды», дейді интернет-дүкен басшылығы. 

Freedom24 каталогында 65 халықаралық компанияның қаржы құралдары бар. Олар – нарық пен индустрияның көшбасшылары, мықты іргелі корпорациялар. Тиісінше, клиент солардың ішінен қалағанын таңдайды және тапсырысты кез келген банк картасымен төлеуге болады. Брокерлік шотты ашқаннан кейін сол шотқа сатып алынған акциялар есептеледі. Шот бір күннің ішінде ашылады және азамат бірден инвестор болып шыға келеді. 

Брокерлік шот ашу үшін, Freedom24 интернет-дүкені арқылы акциялар ақысын төлегеннен кейін Tradernet қолданбасын жүктеп алуыңыз қажет. Одан кейін сіз өз портфеліңізді басқару үшін қолданбаны пайдалана аласыз. 

Freedom Broker ұсынып отырған Tradernet.global платформасы инвесторлар үшін өте ықшам әрі өте ыңғайлы. Аталған платформада тіркелу арқылы әлемнің жетекші компанияларының облигация, ETF, акцияларына инвестиция салып, пайда табуға болады. Инвестор өтінім формасын толтырып, үйден шықпай-ақ брокерлік шот аша алады. Осы процеске 5 минуттан артық уақыт жұмсалмайды. Шотты екі түрлі тәсілмен толықтыруға болады – картамен және банк аударымы арқылы. 

Жалпы, Tradernet.Global көмегімен бүкіл операцияны қауіпсіздік талаптарын сақтай отыра қашықтан атқару мүмкіндігі бар. Платформа Windows, Mac, iOS және Android секілді барлық негізгі операциялық жүйелерде қолжетімді. 

Жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да шотты tradernet.global сайты арқылы өз бетінше аша алады. Тек тиісті өтінімді толтыру, регламентке қосылу туралы өтінішке қол қою және қажетті құжаттарды ұсыну жеткілікті. 

Инвестициялық стратегия – табысты сауданың негізі

Қор нарығы жұмысы мен оның тәуекелі және мүмкіндіктерімен танысу табысты сауда жасауға жеткіліксіз. Кез келген инвестор қор нарығына кіргенде белгілі бір стратегиясы болуы керек. Ол үшін инвестор өзінің инвестициялық портфелін барынша жан-жақты құнды қағаздармен жинақтайды. Қор нарығында белгілі бір тәжірибесі бар қалыптасқан инвесторлар әдетте әр түрлі саладағы, әр түрлі юрисдикциядағы компаниялардың құнды қағаздарымен өз портфелін жинақтайды. Осы орайда, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры, отандық кәсіпкер Тимур Турловтың инвестициялық портфеліне назар аударып көрейік. 

Тимур Турлов жалпы құны 100 000 долларға АҚШ қор нарығындағы 12 ірі және орташа компаниялардың акцияларын сатып алған аталған қағаздардың барлығы агрессивті өсімге беретін сегментке жатады. Портфельдің тәуекелі ортадан жоғары деп бағаланған. 


Қорыта айтқанда, қор нарығына қаржы салғанда инвестиция туралы өз бетінше білім алудан бөлек кәсіби мамандардың курстары мен кеңестері де артықтық етпейтінін естен шығармаған жөн. Сонымен қатар, дұрыс стратегия құру үшін сенімді платформалардағы құнды қағаздардан тәуекелі мен табыстылығы ең тиімді құнды қағаздардан барынша әртараптандырылған портфель жинақтау қажет. Осы шарттарды орындаған инвестордың табысқа жету мүмкіндігі арта түспек.