Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-мамырда 2019 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 102% құрады, деп хабарлайды Статистика бюросы.
Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3830 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 5,6% кем.
2021 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 14019,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,4% артық. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (4,9%) тіркелген. Бұл кезде өсім өңдеу өнеркәсібінде (7,2%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (5,6%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (7,6%) байқалады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 1110,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 3,1% артық.
2021 жылғы қаңтар-мамырда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1139,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 11,3% артық.
2021 жылғы қаңтар-мамырда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 93,1% құрады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 228,6 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,4% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 34,4 млрд. ж-км құрап, 51,6% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-мамырда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 111,6% құрады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,7% құрады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда бөлшек сауда көлемі 4098,9 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 107,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-мамырда көтерме сауда көлемі 9091 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,3% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28107,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда номиналды мәнде 3,7% азайды, оның ішінде экспорт – 16712,5 млн. АҚШ долларын (11,8% аз, номиналды мәнде), импорт – 11395,2 млн. АҚШ долларын құрады (11,5% көп, номиналды мәнде).
2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 468027 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,6% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 459406 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 340530 құрады, оның ішінде 332126 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы мамырда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,9%, азық-түлік емес тауарларға – 3,1%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы мамырда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 24,5% өсті.
2021 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 124132 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы сәуірге қарағанда 10,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,9% артты.
2021 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 232347 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2021 жылғы I тоқсанда 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы мамырдың соңына 222,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.