2026 жылғы тамызда айлық инфляция шілде айындағы деңгейде сақталып, 0,6% болды.
Тамыз айында бағаның негізгі төмендеуі маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінде байқалды. Атап айтқанда, картоп бағасы 12,3%, тәтті бұрыш – 11,9%, қырыққабат – 9,7%, жүзім – 8,0%, пияз – 7,7%, алма – 5,1%, сәбіз – 5,0%, лимон – 4,7%, қызылша – 3,6% төмендеді. Сондай-ақ алмұрт бағасы 1,8%, қияр – 1,5% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде пайдаланылған жеңіл автомобильдер бағасы 5,3%, планшеттер – 5,0%, медициналық маскалар – 2,9%, медициналық термометр – 1,9%, электр еттартқыштар мен балалар жөргектері – 0,8% төмендеді.
Жылдық мәнде 2026 жылғы тамызда инфляция 9,8% құрады (биыл шілдеде – 10,2%). Естеріңізге сала кетейік, жыл басында қаңтарда инфляция 12,2% болған, содан биыл ай сайын тұрақты төмендеп келеді.
Соңғы рет инфляция 10%-дан 2025 жылдың ақпанында төмен болған, ол кезде көрсеткіш 9,4% болып, наурызда 10%-ға жетіп, содан былтырғы қыркүйекке дейін 12,9%-ға дейін біртіндеп жетсе, содан бері қайтадан тұрақты төмендеп келеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11,4%, азық-түлік тауарлары – 9,5%, ақылы қызметтер – 8,9% өсті.
Өткен жылғы тамыз айымен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы төмендеуін жалғастырды. Атап айтқанда, баялды бағасы 46,8%, қияр – 39,9%, қызанақ – 13,6%, алма – 10,6%, сарымсақ – 7,2%, мандарин – 5,9%, қырыққабат – 5,2%, банан – 4,2%, апельсин – 2,6% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда отандық құрастырылған жаңа автомобильдердің бағасы 16,9%, электр бұрғылары мен бұрауыштар – 8,0%, кондиционерлер – 7,6%, медициналық бинттер – 3,1% төмендеді.