2024 жылғы III тоқсандағы жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2024 жылғы III тоқсанда бағалау бойынша 269 378 теңгені құрады.
Атаулы жалақының орташа мәні 2024 жылғы III тоқсанда 390 328 теңгені құрады. 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 11,3%, нақты мәнде – 2,7%.
2023 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының салалар бойынша ең жоғары өсімі:
- ақпарат және байланыс – 28,1%
- қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%
- электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау – 20,6%
- білім беру – 9,9%
Медиана жалақысы – барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі, адамдардың жартысы сол мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл ең жоғары және ең төмен жалақы мөлшерін ескермей-ақ, «орташа» адамның қанша жалақы алатынын көрсетеді.
Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.