Яндекс Іздеу қазақ тіліне нейрожелілік аудармасы бар ағылшын және орыс тілді мақалаларды көрсете бастады. Ұлттық тілдегі пайдалы материалдардың саны 15 миллионнан асты.

Интернетте көптеген шетелдік контент бар. Мысалы, «Википедияда» ағылшын тілінде жеті миллионнан астам мақала, ал қазақ тілінде - небәрі 240 мың мақала бар. Енді Іздеу қазақ тіліндегі сұрау салулар бойынша шетелдік мақалаларды көрсетеді және оларды бірден аударады. Мақалалардың жанында түпнұсқа тілдегі материалдарға сілтеме қол жетімді болады.


Орыс және ағылшын тіліндегі ресурстардан алынған мақалаларды контекстті ескеруге оқытылған нейрожелі аударады. Осылайша қолданушылар Іздеуде одан да пайдалы жауаптар ала алады. 

«Яндекс Қазақстан өз өнімдерін ұлттық тілге аудара отырып, оны одан да пайдалы және қолжетімді етуге ұмтылуда. Мысалы, өткен жылы біз қазақ тілінде жылдам жауап беру функциясын іске қостық — іздеу жолағының астындағы қысқаша деректер. Олар қолданушыларға уақытты үнемдеуге және басқа сайттарға өтпей-ақ қажетті ақпаратты ана тілінде жылдам табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Веб шолғышта және Яндекс Алисамен бірге қолданбасында қазақстандықтар бейнеролик бастапқыда орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылған болса да, бейнені ұлттық тілде көре алады. Youtube, VK, Vimeo, Twitch және Coursera-да орналастырылған роликтерді аударуға болады. Осылайша қолданушылар әлемдік университеттердің дәрістеріне қол жеткізе алады», — дейді Қазақстанда Іздеуді дамыту жөніндегі директоры Александр Поповский.


Яндекс Қазақстан — машиналық оқыту және нейрожелі негізіндегі өнімдер мен сервистер жасайтын, технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартып және Қазақстанда цифрлық ортаның дамуына бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елімізде қазірге таңда іздеу, қалалық, бұлттық және ойын-сауық сервистері жұмыс жасайды, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобларды да дамытуда.