2020 жылы қазақстандықтар 93 мың жаңа автокөлік сатып алды

Қазақстанның ЖІӨ-не қосқан үлесі 612,8 млрд теңгеге өсті

Жаңа автомобильдер нарығы 24% артты

Қазақстанда сатылған әрбір үш автомобильдің екеуі өз елімізде жасалған

Пандемияға байланысты туындаған барлық қиындықтарға қарамастан 2020 жылы Қазақстанда өсім тоқтаған жоқ және ол әлемдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі болды. Қазақстан АвтоБизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметінше, 2020 жылы ресми дилерлер 972 млрд теңгеге 92 989 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатқан. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 24% көп.

Бұл жыл автоөндірушілер мен мемлекеттің саланы дамытудағы ұзақ мерзімді мүдделілігін тағы бір мәрте растады. Үкімет пен автоөнеркәсіптің үйлесімді жұмысының арқасында инвестициялар тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, сыртқы нарықтарға бағытталған экспортты орнықты дамытуға мүмкіндік берді. Машина жасау саласы ақшалай алғанда өткен жылмен салыстырғанда 31,7% астам тұрақты өсім көрсетті. Өсім негізінен автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер шығару, өзге де көлік құралдары, электр жабдықтары, машиналар мен қондырғылар өндірісін арттыру есебінен болды. 2020 жылы автомобиль жасау саласында өнеркәсіптік өндіріс индексі 2019 жылмен салыстырғанда 152,5% құрады.

2020 жылдың он екі айында Қазақстанда 77 431 көлік құралы шығарылып, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіштен 53,2% асты. Автомобиль жасау саласы қызметінің жиынтық нәтижесі ақшалай алғанда арғы жылдың сәйкес көрсеткішінен 70,4% (612,8 млрд теңге) көп болды.

Жеңіл автомобильдер өндірісі 47% артып, 64 790 бірлікке жетті. Жүк техникаларын шығару көлемі екі есе өсіп, 8 240 бірлікке, ал автобустар өндірісі 66% (1 801 бірлік) артты. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі де екі есеге (2 196 бірлік) артты.

2020 жылдың басты оқиғалары ретінде Қазақстанда жаңа зауыттар мен өндіріс ошақтарының іске қосылуын айтуға болады. Былтыр Қостанайдағы «СарыаркаАвтоПром» зауытында Chevrolet автомобильдерін шығару жолға қойылып, қысқа уақыт ішінде еліміздегі ең жоғары өсім көрсетті және 2020 жылғы Қазақстандағы ең танымал брендтер қатарына енді. Сәуір айында Алматыда Hyundai жеңіл автокөліктері, ал желтоқсанда Қарағанды облысында Yutong автобустары шығарыла бастады.

Жалпы 2020 жылы 22 136 Hyundai (+39%) автокөлігі, 19 434 дана Chevrolet және  Ravon (+217%) және 15 848 Lada (+8%) автомобилі өндірілді. Сондай-ақ Kia (4 863 бірлік) және JAC (4 173 бірлік) алғашқы бестікке енді.

Әрбір оныншы автомобиль – экспортқа

Зауыттардың экспортқа бағыт ұстауы жасалатын техниканың жоғары сапасын және шетел клиенттері тарапынан сенім бар екенін көрсетеді.

2020 жылы Қазақстан жақын шетелдерге 8 122 автомобиль экспорттады. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен (2 629 бірлік) 3 есе көп. Жалпы өткен жылы 55,9 млрд теңгеге елімізде өндірілген барлық техниканың 10% астамы экспортқа шығарылды.

HyundaiChevrolet және JAC көліктеріне Ресейде, Өзбекстанда, Беларусьта және Қырғызстанда сұраныс жоғары.

Қазақстанда сатылған ең танымал автомобильдер

2020 жылы төртінші тоқсанда көліктер ең көп сатылды. Жылдың соңғы айларында 29 465 автокөлік сатылды және олардың басым бөлігі Hyundai және Chevrolet үлесіне тиді. Яғни, 2021 жылы да мүмкіндіктері мол.

Жалпы жыл қорытындысында Hyundai көш бастап келеді. Дилерлер 17 856 автомобиль сатты (өткен жылдың нәтижелеріне +20%). Lada әзірге екінші орында тұр - өткен жылы 17 453 бірлік (+14%) сатылды. Елге импортталатын автомобильдердің ішінде көшбасшысы – Toyota. Жапон маркасының дилерлері Қазақстанда 10 081 автомобиль (-29%) сатты және Бішкекте 596 көлік (+86%) сатты. Наурыз айында басталған Chevrolet сатылымы жоғары қарқынмен артып келеді, 2020 жылдың 9 айында 10 029 автомобиль сатылды (+1097%).

Ravon бесінші орында, былтыр бұл брендтің 7 137 седан сатылған. Алтыншы орында Kia-6 004 авто (+60%)Renault - 2 599 бірлікпен (+0,2%) жетінші орында. Көрсеткіштері өткен жылмен бірдей. Сегізінші орында JAC - 2 519 бірлік (+80%). 2020 жылы ең көп сатылған көліктердің алғашқы ондығын: Nissan (2 438 бірлік; +3%) және Volkswagen (2 427 бірлік; +44%) түйіндеді.

2020 жылғы Қазақстандағы премиум-сегмент

Бұл сегментте "Лексус" маркасы тұрақты түрде көшбасшы болып келеді. Сатылымның 40% -дан астамы осы брендке тиесілі. Ресми дилерлердің автосалондары «Лексустың» 1 298 данасын сатқан. BMW - екінші орында - 686 бірлік (-13%). Land Rover дилерлері 247 кроссовер мен жол талғамайтын көліктерді сатты (+15%). Infiniti (234 бірлік; + 48%), Mercedes-Benz (201 бірлік; + 14%) ,Porsche (116 бірлік; + 57% ) ,Cadillac (111 бірлік; + 1%), Audi (81 бірлік; + 21% ) ,Volvo (50 бірлік; -19%) және Jaguar (35 бірлік; -35%).

Ең танымал модельдер - Lexus RX (563 бірлік), Lexus LX (305 бірлік) және BMW X7 (229 бірлік).

ҚАБҚ деректері бойынша, 2020 жылы автосалондарда премиум автомобильдерін сату 2% (2019 жылы 3114 бірлік бола, 2020 жылы - 3073 бірлік) төмендеді. Ақшалай алғанда сатылым 26%-ға, 102,6 млрд теңгеге дейін өсті. Сегменттегі жаңа автомобильдің орташа құны - 33 384 763 теңге.

Тіркеу көрсеткіштері аздап төмендеді

COVID-19 пандемиясына және еліміздің қалалары мен өңірлерде енгізілген карантинге байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар 2020 жылғы сәуірде өз қызметін тоқтата тұруға немесе шектеуге мәжбүр болды. Осы уақытта небәрі 3 066 көлік есепке алынды. Бұл соңғы 6 жылдағы ең төмен көрсеткіш тіркелген ай. Соған қарамастан, мамыр айында жағдай тұрақтанып, тіркеу қайтадан жанданды. Ал қыркүйек айында басқа рекорд болып, 2015-2020 жылдар кезеңіндегі ең көп көлік тіркелді - 145 154 бірлік. Өткен жылдың соңына қарай арнайы ХҚКО-лар арқылы 1 226 721 көлік құралы өтті. Бұл - 2019 жылмен салыстырғанда 5,3% аз.

2020 жылы қалыптасқан жағдай бизнес пен мемлекетті онлайн-сауданы белсенді енгізуге ынталандырды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және ҚР Ішкі істер министрлігінің қолдауымен қысқа мерзімде автомобильдерді тек жеке тұлғалар арасында ғана емес, сонымен қатар дилерлік орталықтарда да онлайн тіркеуге мүмкіндік жасалды. Қызметтерді цифрландыруды одан әрі дамыту жоспарланып отыр.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы тіркелімдердің жалпы саны аясында бастапқы тіркеу үлесі 7,3%-дан 11%-ға дейін өсті. Қазақстанда алғаш рет 135 101 көлік құралы есепке қойылды. Оның ішінде Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу, коммерциялық техникалар мен тіркемелер бар.

Өткен жылдардағыдай, 2020 жыл қорытындысында қазақстандықтар ҚР ІІМ органдарында Toyota (189 815 бірлік), Lada (165 873 бірлік), Mercedes-Benz (82 449 бірлік), Volkswagen (80 802 бірлік) автомобильдерін ресімдеді. Барлық жылдары шығарылған Audi (58 289 бірлік) көлігін алтыншы орынға ығыстырған Hyundai (61 407 бірлік) автомобильдері бесінші орынға көтерілді.

2021 жылы 120 мыңдай жаңа автокөлік сатылуы мүмкін

Нарық пен саланың даму перспективаларын талдай отырып, биыл нарықтағы жергілікті автомобильдердің үлесін арттыру тренді сақталады деуге болады. Сонымен қатар, автоөнеркәсіп өндірістік қуатын кеңейтіп, шығарылатын өнімнің экспорты мен локализациясын арттыруды жалғастырады.

ҚАБҚ болжамы бойынша 2021 жылы 100-120 мың жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылуы тиіс