Соңғы жылдары сапасыз тауар мен қызметке шағым көбейіп келе жатыр. Қазіргі таңда қазақстандықтардың 67%-ы тұтынушылық құқықтарының сақталатынын айтады.
2020 жылы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті 21 мың азаматтың шағымын қарады. Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп.
Өзге мемлекеттік органдарға былтыр 49 мың адам, алдыңғы жылы 30 мың адам шағымданды.
2021 жылдың алғашқы тоғыз айында 3,8 тонна қауіпті тамақ өнімдері алынды. Ал осы уақытта экономикалық контрабанда бойынша 69 қылмыстық іс қозғалды. Көрсеткіш былтырғыдан 1,5 есе көп.