Халықтың несиесі 10 трлн теңгеден асты

Бір жылда банктердің берген несиесі 26% өскен. 

Банктердің берген несиесі қаңтар айының қорытындысы бойынша соңғы бір айда 3,7%, ал былтырғы қаңтардан бергі бір жылда 26,5% көбейіп 18 497,7 млрд теңгені құрады.

Соның ішінде заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға – 10 738,8 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,9%-ға төмендеді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды. 

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 030,5 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 467,2 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы желтоқсанда 3 772,2 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 48,6%-ы).

2021 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болды (14,9%).