Кеңейтілген айқындаудағы экономика кредиттері 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 35,8 трлн теңгені құрап, жыл басынан 3,5% ұлғайды.

Қарыз алушылардың санаттары бойынша кредиттердің жалпы көлемінің 46,1%-ы бизнес кредиттеріне тиесілі (бизнес мақсаттарына кредиттер алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 53,9%–ы халыққа берілген кредиттерге тиесілі. Бұл ретте бизнеске кредиттер жыл басынан 0,4% өсіп, 16,5  трлн теңгені құрады, халыққа кредиттер 6,2%, 19,3 трлн теңгеге дейін өсті. 

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі жыл басынан 3,7%, 32,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 1,3%, 3,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (оның ішінде оларды валюталық қайта бағалау есебінен). 

Банк секторының кредиттері кредиттердің жалпы көлемінің 86,1%-н құрады.