Халыққа берілген несиелер бір айда 1,2% ұлғайып, 24,6 трлн теңге болды (2025 жылдың басынан 18,8 % өсім). Халыққа берілетін несиелер құрылымында тұтынушылық қарыздар 1,4%, 16,6 трлн теңгеге дейін өсті. Бір айда ипотекалық несиелер 1,1%, 6,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2025 жылғы қарашада халыққа берілген жаңа қарыздар 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 2025 жылғы 11 айда бұл көрсеткіш 17,8 трлн теңге болды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,6% көп.

2025 жылғы қарашада халыққа ұлттық валютада берілген несиелер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі бөліп төлеуге берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы аясында 1,6 п.т. азайып, 18,2%-ды құрады. Ипотекалық қарыздар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 9,6%-ды, тұтынушылық қарыздар бойынша 19,1%-ды құрады.

Несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде сақталып отыр. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (NPL90+) деңгейі өткен ай деңгейінде сақталып, несие портфелінің 3,7%-ын немесе 1,6 трлн теңгені құрады.

2025 жылғы қараша айында халыққа берілген несиелер бойынша проблемалық берешектің үлесі 4,6%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады (01.01.2025ж. – 3,8% немесе 790 млрд теңге).

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып отыр және 63,3%-ды құрайды (01.01.2025ж. – 67,0%).