2023 жылғы тамызда банк секторының міндеттемелері 0,1%, 40,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 3,2% немесе 1,2 трлн теңгеге өсті).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2023 жылғы тамызда заңды тұлғалар депозиттерінің 1,7%,14,4 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 0,9%, 30,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 0,1%,16,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы тамызда 1,6%, 23,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 1,3%, 7,8 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 қыркүйекте 25,1%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%). Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2023 жылғы тамызда 14,6%-ды (2023 жылғы шілдеде – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,9%-ды (2023 жылғы шілдеде – 13,9%) құрады.

Биыл тамызда банктердің меншікті капиталы 3,2% 6,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 17,2% өсті). 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,0%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,6%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы тамызда негізінен несие портфелінің 1,7% өсуі нәтижесінде 0,3% немесе 148 млрд теңгеге ұлғайып, 46,7 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 4,8% немесе 2,1 трлн теңгеге өсті).

Өтімділігі жоғары активтер 14,1 трлн теңгені немесе активтердің 30,3%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.