12 айдың ішінде әлеуметтік жағдайы нашарлаған қазақстандықтардың саны азайды, дегенмен көрсеткіш әлі де жоғары, деп хабарлайды ranking.kz.
Статистика бюросының мәліметінше, қаражаттың жетіспеушілігінен ескі жиһазды ауыстыруға мүмкіндігі жоқтардың үлесі 2021 жылғы 27,4%-дан 2022 жылы 20,3%-ға дейін төмендеді.
Қаржылық қиындықтарға байланысты екі жұп қолайлы қыстық және жазғы аяқ киімді ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі де (15,3%-дан 11,3%-ға дейін), сондай-ақ достарымен немесе туыстарымен дастархан басында айына бір рет кездесуге мүмкіндігі жоқ қазақстандықтардың үлесі де азайды (8,4%-дан 6,3%-ға дейін).
Сонымен қатар, қаржылық жағдайына байланысты екі күн сайын балық, ет немесе тауық еті қосылған ыстық тағамдарды немесе оған теңестірілген вегетариандық тағамды жеуге мүмкіндігі жоқ респонденттердің үлесі өсті: 7%-дан 7,9%-ға дейін. Тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқтардың үлесі 5%-дан 5,2%-ға өсті.
Тұрғылықты жеріне келетін болсақ, онда, ең болмағанда, ресми деректерге сәйкес, қалаларда қаражаттың жетіспеушілігінен айырылған халықтың үлесі ауылдарға қарағанда көбірек.
Осылайша, қала тұрғындарының 20,9%-ы, ауыл тұрғындарының 19,4%-ы тозған жиһазды қажетіне қарай ауыстыра алмайды. Қала тұрғындарының 11,7% және ауыл тұрғындарының тек 10,7%-ында кемінде екі жұп қыстық және жазғы қолайлы аяқ киім жоқ, ал қала халқының 5,6%-ы, ауыл халқының тозған аяқ киім мен киімдерді жаңасына ауыстыра алмайды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының 6,8% және ауыл тұрғындарының 5,2% достарымен немесе отбасымен айына бір рет дастархан басында кездесуге мүмкіндігі жоқ.
Сонымен қатар, екі күн сайын ыстық тамақ ішуге мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарының үлесі дәл осындай қиындықтарға тап болған ауыл тұрғындарының үлесінен аз: тиісінше 7,6% және 8,4%.
Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдер ерлерге қарағанда қаражаттың жетіспеушілігінен жиі ұшырайды. Ең үлкен алшақтық тозған жиһазды ауыстыруға мүмкіндігі жоқ адамдар арасында байқалады: ерлердің 17,9% және әйелдердің 22%-ы.
Әйелдердің 12,3%-ы және ерлердің 10%-ы екі жұп қыстық және жазғы аяқ киімді алуға қалтасы көтермейді; әйелдердің 8,7%-ы және ерлердің 6,7%-ы ыстық тамақ ішуге жағдайы жоқ; түскі ас іше алмайтындардың 6,9%-ы әйелдер, 5,4%-ы ерлер, тозған аяқ киімдер мен киімдерді жаңасына ауыстыруға шамасы жетпейді – әйелдердің 5,7%-ы және ерлердің 4,5%-ы.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың 6,1 пайызы үйдегі жылуды жеткілікті деңгейде ұстауға және оны төлеуге мүмкіндігі жоқ.
Қалада мұндай респонденттердің 6,2%, ауылда 6% болды. Ал гендерлік тұрғыда әйелдердің 6,6 пайызы, ерлердің 5,4 пайызы осындай қиындықтарға тап болған.