Ұлттық банктің дерегінше, Қазақстанның таза халықаралық резерві қыркүйек айының қорытындысы бойынша 55,5 млрд долларға жетіп, жаңа рекорд орнатты.

Айлық өсім — 3,3 млрд доллар немесе 6,3%, ал жыл басынан бері жалпы өсім 27,4% құрап, шамамен 12 млрд долларға ұлғайған.

Резерв құрылымы: алтын өсіп, валюта қоры азайды

Халықаралық резервтердің екі негізгі бөлігі бар: Еркін айырбасталатын валютадағы активтер, монетарлық алтын.

Қыркүйек айында валюта активтері күрт төмендеді — 8,4% немесе 1,6 млрд долларға азайып, 18 млрд доллар деңгейінде қалыптасты.

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 18,2 қысқарған.

Ал алтын қоры, керісінше, айтарлықтай артқан. Тамыз айының соңындағы мәліметке сай, халықаралық резервтердегі монетарлық алтын құны 39,7 млрд доллар болды. Бұл — бір айда 14,5% немесе 5 млрд доллар, ал 2025 жылдың басынан бері +66,5% өсім.